
«Ел бастаған – Елбасы»
Өткізген:
Рсалдиева Г.Б.
Ел бастаған – Елбасы
{gallery}000i/12{/gallery}
Мақсаты: ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру. Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру.
Шаттық шеңбері:
- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?
- Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.
- Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?
- Алақай! – деп қолды шапалақтайды.
- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?
- Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты. Төменнен жерді, шөптерді, гүлдерді, суды көреміз.
- Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және оқу қызметімізге келген қонақтарға сәлем берейік.
Шеңберге тұрады:
Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер Ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар, біздің жеріміз, орман, тау, өзен – көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар.
- Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында.
- Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
- Ту, елтаңба, әнұран.
- Біздің Елбасымыз кім?
- Тоқаев Қасым – Жомарт Кемелұлы.
- Біздің Елордамыз қай қала?
- Нұр – Сұлтан қаласы.
- Біздің тұңғыш президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Балалар бүгінгі оқу қызметіміз еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атамызға арналмақ. 1 – ші желтоқсан ең бірінші президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларына назар аударайық.
- Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған. Қарағанды қаласында не бар? (Көмір) Бұл қала көмірге бай.
- Қазір балалар Елбасымыз Нұр – Сұлтан қаласында. Бұл қала біздің елордамыз. Ал Нұр – Сұлтан қаласында не бар? – Иә, бәйтерек, ақорда бар. Бәйтерек ол біздің елдің символы.
Нұрсұлтан атамыз тәуелсіздік үшін күресіп, Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Иә, Сәтбаев қаласында не бар? (Кен орындары бар)
Сергіту сәті «Сәлем, сәлем!» (Видео)

Сурет салу. Пошта жәшігіне хат келеді. Елбасымыздың мереке қарсаңында сиқырлы суреттер жолдапты. Суреттерді бір түспен бояу қажет. (Алдын ала майшаммен ақ қағазға салынған бәйтерек суретін таратып беремін. Балалар су бояумен бір тегіс естіп бояйды. Майшаммен салынған сурет су бояу жұқпай көрінеді. Кәне, балалар, іске кірісіп суреттерді бояйық.
Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бірүлкен жанұямыз, бір – бірімізді сыйлап, тату тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз шежіремізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.

















